Қазақстан букмекерлік кеңселеріндегі Чемпиондар Лигасының финалында фубол командасының жеңісіне ең үлкен ұтыс тігу Шымкент қаласында тіркелген. Испандық «Реал» жанкүйері сүйікті командасының жеңісі үшін 10 млн теңге тіккен.
Тәуекелге бас тіккен шымкенттік нәтижесінде 17,1 млн теңге ұтқан. Яғни небәрі 90 минутта ол 7,1 млн теңге табыс тауып отыр.
Айта кетейік, Чемпиондар Лигасының финалында испандық «Реал Марид» пен ағылшындық «Ливерпуль» командалары кездескен еді. Тартысты ойын нәтижесінде «Реал» клубы қарсыластарынан басым түсіп, 3:1 есебімен ұтып кетті. Испандық ұжым бұл кубокқа осымен 3-ші жыл қатарынан ие болып отыр.