Атырауда менингитке қатысты сұрақтарға жауап беретін Call-орталық ашылды

/uploads/thumbnail/20170823165316360_small.jpg

Атырау қаласының тұрғындары менингиттің алдын алу сұрақтары бойынша кеңесті тәулік бойы ала алады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында менингит пайда болғанына байланысты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті тұрғындардың қоңырауларына жауап беру үшін 24 сағаттық жедел желі ашуға шешім қабылдады. 98-02-92 нөмірі бойынша азаматтар инфекциялық аурулардан және эпидемиологтардан кеңес ала алады. Желіде тәулік бойы 3 оператор қызмет етеді.

- Алматы облысындағы менингит инфекциясының таралуына байланысты Атырау тұрғындарын көптеген сұрақтар мазалайды. Қазір менингиттен қалай қорғануға болатындығын, аурудың алдын алу  үшін қандай шаралар қолдану керектігі мазалайды. Сондықтан тұрғындарға 24 сағат бойы қызмет ететін Call-орталықты аштық. Халық көкейіндегі сауалына жауап алу үшін орталыққа кез келген уақытта қоңырау шала алады, - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева.

Связанные Статьи