«Жігер» спорт клубының тәрбиеленушісі Сиязбек Далиев Пара Азия ойындарында 50 метр қашықтыққа баттерфляй жүзуде чемпион атанып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында елордалық спортшы үздік нәтиже көрсетті - 00.37.40.
Айта кетейік, бұл Сиязбек Далиевтің Қазақстанның қоржынына салған екінші жүлдесі. 8 қазанда спортшы 50 метрлік қашықтыққа арқамен жүзуде қола жүлде алған болатын.
Жалпы, Пара Азия ойындарына «Жігер» спорт клубының 9 өкілі 4 спорт түрінен жарысқа түсуде.