Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

/uploads/thumbnail/20181104124023472_small.jpg

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Қазақстандық боксшы Эль-Пасодағы (АҚШ, Техас штаты) бокс кеші аясында америкалық Вон Александрмен (12-1, 8 КО) қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Бұл Жәнібектің кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісі, ал Александрдың екінші жеңілісі.  

Еске сала кетсек, Вон Александер қызықты биографиясымен танымал: 2004 жылдың соңында оның рекорды 5-0, 4 КО болып, ең танымал боксшылардың бірі саналған еді. Алайда қарулы тонау қылмысы үшін он бір жыл түрмеде отырып шықты. Рингке 2016 жылы оралды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи