Дзюдоға қызығатын қыздардың қатары артып келеді

/uploads/thumbnail/20181113181745903_small.jpg

Дзюдоист қыздардың саны да өсіп келеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Астанада 13-16 қараша аралығында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді.  2019 жылғы ұлттық әйелдер командасындағы орынға 152 бойжеткен таласатын болады.    

«Бұрын біз құрамаға 15 пен 20-ға жуық қызды жинайтынбыз. Жыл сайын қыздардың саны өсіп, қазір құрамаға 35-40 спортшы қатысады», - деді ҚР ҰСК әйелдер жаттықтырушысы Марат Данайбаев.

Оның сөзін Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев те растады.

«Әйелдер дзюдосы дамуда. Бұған дейін Азия чемпионы болмаған. Қазір бізде Гүлжан Исанова, Галбадрах Отгонцэцэг бар. Спорттың осы түріне қыздардың көбісі қызығушылық танытып отыр. Олар дәл осы бағытта әлем чемпионаттарында, олимпиадаларда жеңіске жете алатындарына сенімді. Қыздарды түрлі жарыстарға үздіксіз дайындайтын жаттықтырушылар да бар», - деді ол. 

Связанные Статьи