Данияр Елеусінов кезекті жекпе-жекті де техникалық нокаутпен аяқтады (видео)

/uploads/thumbnail/20181125110539669_small.png

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Монте-Карлодағы (Монако) бокс кеші аясында никарагуалық Маркос Мохикамен жекпе-жек өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды: Елеусінов үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Нокаут пен жекпе-жектің толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Осылайша, Данияр кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Бұған дейін қазақ боксшысы америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта, тағы бір АҚШ өкілі Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын. 

Связанные Статьи