Қазақ жауынгері аралас жекпе-жектен өткен xалықаралық турнирде жеңіске жетті

/uploads/thumbnail/20190101095629434_small.jpg

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгері Alem Fighters аралас жекпе-жектен өткен халықаралық турнирдегі  алғашқы жеңісіне жетті

Қазақстан Республикасының әскери қоян-қолтық күресінен чемпионы, 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор ОтарНұрбек аралас жеке-жектен Атырауда өткен Alem Fighters халықаралық турнирінде жеңіске жетті. 

Атырау қаласында орналасқан 41433 әскери бөлімінің жауынгері ефрейтор Отар Нұрбек Alem Fighters жекпе-жектеріне қатысты. Оның рейндждегі қарсыласы ретінде грузиялық жас спортшы Танзилови Отари шықты. Жекпе-жек екінші кезеңде қазақстандық жауынгердің таза жеңісімен аяқталды.

Ефрейтор Отар Нұрбек Атырау қаласындағы «Батыс арландары» ұрыс клубы қатырында дайындалуда және бүгінгі күні Қазақстан Республикасының қоян-қолтық күресінің чемпионы болып табылады. Alem Fighters халықаралық турниріндегі бұл оның кәсіпқой рингтегі тұңғыш кездесу болды, алайда мамандар оның рекордында әлі талай жеңістер болады деп болжауда.

Оставить комментарий

Связанные Статьи