Бүгін Невада штатындағы атлеттік комиссия МакГрегор мен Хабибтің кездесуіндегі бұзақылыққа байланысты шешім шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Комиссияның шешімі бойынша UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов 9 айға спорттан шеттетілді. Сондай-ақ Хабиб 500 мың доллар айыппұл төлейді.
Ал Хабибтің командасындағы Зубайра Тухугов пен Әбубәкір Нұрмағамедов бір жыл бойы октагонға шыға алмайды және 25 мың доллар айыппұл төлейтін болады. Хабибтің қарсыласы Конор МакГрегор болса, 6 ай жекпе-жекке шыға алмайды және 50 мың доллар айыппұл төлейді.
Айта кетсек, Хабиб соңғы атышулы жекпе-жектен 2 млн доллар пайда тапқан болатын.
Еске салсақ, дағыстандық Хабиб Нұрмағамедов төртінші раундта Конорды тұншықтыру тәсілімен жеңді. Мұны күтпеген жанкүйерлер шулай жөнеліп, Конордың командасындағы Диллона Данис пен Хабиб Нұрмағамедовтың арасында төбелес басталды. Кейін Конор мен Хабибтің командасындағы жас спортшы Зубайра Тухуговтың арасында да кикілжің басталып, соңы төбелеске ұласты. Төбелеске араласқандардың қатарында Әбубәкір Нұрмағамедов пен Эседулла Эмиргаев та болған.
Аталмыш келеңсіз жайттан кейін "Дана Уайт Зубайра Тухуговты UFC-ден шығарып жібереді" деген ақпарат тарайды. Алайда Хабиб Нұрмағамедов пен оның командасындағы спортшылар "егер Зубайра Тухугов UFC-ден қуылатын болса, біз де бауырымызбен бірге кетеміз" деп ашық мәлімдеме жасады. Кейін Дана Уайт UFC-ден ешкім қуылмайтынын айтты. Хабибтің ойы жүзеге асқанымен, ол Атлетик комиссиясының шешіміне риза емес екенін әлеуметтік желідегі жазбасымен білдірді.
Twitter желісінде Хабиб Нұрмағамедов мұны "Мәңгілікке саясат" деп жазса, Instagram парақшасына "Барлығы аяқталған кезде мені оятыңыздаршы" деп жазба қалдырды.
politics forever
— khabib nurmagomedov (@TeamKhabib) 29 января 2019 г.
Посмотреть эту публикацию в InstagramРазбудите меня, когда все это закончится. Wake me up, when it's all over.
Ал Зубайра Тухугов комиссияның шешіміне шүкіршілік ететінін айтты.
"Бұл - Алланың қалауы. Демек осылай болуы керек болған. Біз үшін бір игілік бар", деп жазды Зубайра Тухугов.