Путин олимпиада чемпионынан "таяқ жеді" (видео)

/uploads/thumbnail/20190215115936428_small.jpg

Путин дзюдодан олимпиада чемпионы Беслан Мудрановпен спаринг кезінде жарақат алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі сайтының дерегін негізге алып. 

Ресейдің президенті Сочидегі "Юг-спорт" атты спорт кешеніне барған. Өзі уәде еткендей, ол ресейлік спортшыларға бір сағаттық жаттығу өткізді. Ол денені қыздыру кезінде спортшыларға өзі білетін түрлі әдіс-тәсілдерді үйретеді. Бірақ Беслан Мудрановпен бірге жаттығып жатқан сәтте саусағын жарақаттап алады. 

Ресми деректерге сүйенсек, Путиннің жарақаты аса ауыр емес. Кейін президент спаринг жаттығуды жалғастырған. Жаттығудың соңында әрбір спортшымен жеке-жеке суретке түсіпті. 

Путиннің дзюдомен айналысқан сәтте өзін бақытты сезінетінін айтқан. 

Айта кетсек, Владимир Путин 11 жасынан спортпен айналысады. Сондай-ақ дзюдо мен самбодан спорт шебері атағын иеленген. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи