Тарихи жеңіс: Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды (видео)

/uploads/thumbnail/20190322202050823_small.jpg

Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы қысқа бағдарламаны сәтті орындады. Жапондық Каори Сакамото мен ресейлік Алина Загитоваға жол беріп, өз мансабында алғаш рет күміске қол жеткізіп отыр. 

Элизабеттің бұл жеңісі Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Себебі, бұрын-соңды мәнерлеп сырғанауда қазақ қыздарымыздан ешбірі мұндай жетістікке жеткен жоқ.

Еркін бағдарламада Тұрсынбаева төрттік сальховты орындады. Бұл мәнерлеп сырғанау спортындағы тарихи сәттердің бірі. Себебі, бұған дейін аталмыш қиын элементті әйелдер арасында ешкім орындай алмаған.

Төрешілер бұл орындауды 148.80 балға бағалады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Элизабет Тұрсынбаева күміс жүлдге қол жеткізді. Жалпы ұпай саны 224.76 болды.

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық әйел болып тарих беттеріне жазылды.

Ресейлік Алина Загитова 237.50 ұпаймен жеңіске жетсе, қола жүлде 223.80 ұпаймен Евгения Медведеваға бұйырыпты.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Оставить комментарий

Связанные Статьи