Кеше Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі өзінің ресми сайтында қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипованың бір жекпе-жегін ұйымдастыру үшін 74 842 650 теңге бөлінгенін xабарлады. Бұл ақша боксшымыз Қазақстан жерінде екінші жартылай жеңіл салмақта WBС тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстреммен кездесу ұйымдастыру үшін бөлінген. Бірақ түптеп келгенде кездесу де жоқ, ақша жа жоқ.
Шарипованың айтуынша, ол ақшаны Санкт-Петербург қаласында чемпиондық белбеуін қорғау үшін жұмсаған. Сол кезде қорғады ғой. Бірақ қазір ол чемпиондық атағынан айырылып қалды.
Оставить комментарий