Соңғы жылдары еліміздің көптеген боксшылары кәсіпқой рингке өтті. Боксшылардың рейтингін жариялап отыратын boxrec.com сайтының мәліметіне сүйенсек, қазірігі таңда кәсіпқой рингте 68 қазақстандық боксшы жұдырықтасып жүр. Qamshy.kz ақпарат агенттігі сол 68 боксшының арасынан үздік ондықтың тізімін ұсынады.
1. Генадий Головкин
|
- Батыржан Жүкембаев
15 жеңіс |
0 жеңіліс |
0 тең нәтиже |
Кәсіпқой рингтегі жекпе-жектерін Канадада өткізетін Батыр Жүкембаев қазақстандық кәсіпқой боксшылардың арасында екінші орында келеді. Осы уақытқа дейін 15 рет жеңіске жеткен Батыр келесі кездесуін де Канаданың Монреаль қаласында өткізеді. Дәл қазір Жүкембаев жартылай орта салмақтағы 1680 боксшының арасында 28 орында тұр.
- Нұрзат Сабиров
|
Шымкент бокс мектебінің түлегі Нұрзат Сабиров 2017 жылдан бері кәсіпқой бокста сынға түсіп жүр. Кәсіпқойлар арасында 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен Сабиров келесі кездесуін 29 маусымда өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыласы белгісіз.
- Бейбіт Шүменов
|
Шымкент бокс мектебінің тағы бір түлегі Бейбіт Шүменов 4 орында. Ол 2018 жылдың 7 шілдесінен бастап рингке шықпады. Соңғы кездесуінде ол түрік боксшысы Хизни Алтункаяны жеңіп, ауыр салматағы WBA Regular тұжырымының вакантты чемпионы атанған болатын.
- Нұрсұлтан Жанабаев
7 жеңіс |
0 жеңіліс |
0 тең нәтиже |
Тараздық Н.Жанабаев қазақстандық боксшылардың арасында 5 орында келеді. Ол соңғы жекпе-жегінде тәжірибелі венесуалық боксшы Иван Матудты техникалық нокаутпен жеңген болатын.
- Садриддин Ахмедов
8 жеңіс |
0 жеңіліс |
0 тең нәтиже |
Әуесқой бокста жүрген кездің өзінде жойқын соққыларымен танылған Садриддин Ахмедов кәсіпқойлар арасында да жойқын жұдырығымен талай мықтының мысын басты. Соңғы рет 24 сәуірде Алматыда өткен бокс кешінде индонезиялық боксшы Джон Рубаны ұтып, WBC ASIA белбеуін иемдеген Ахмедов келесі кездесуін 29 маусымда өткізуді жоспарлап отыр. Алайда, қарсыласы әлі белгісіз.
- Айдос Ербосынұлы
|
Рейтингтің келесі сатысында Айдос Ербосынұлы тұр. Супер орта салмақта жұдырықтасатын жаркенттік боксшының қоржынында WBC Asia, WBO Global белбеулері бар болатын. Ал 24 сәуірде Алматыда өткен бокс кешінде намбиялық боксшы Лукас Ндафолуманы жеңген Ербосынұлы WBA International белбеуінің де вакантты чемпионы атанды.
- Әли Ахмедов
|
Айдос Ербосынұлымен бір салмақта жұдырықтасатын Әли Ахмедов 8 орында тұр. Осы күнге дейін 14 рет жеңіске жеткен Ахмедов кезекті жекпе-жегін 8 маусымдағы Головкин – Роллас кездесуінің антеркардында америкалық боксшы Абрахам Ханға қарсы өткізеді.
- Жәнібек Әлімханұлы
|
Әуесқой бокста әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста да сол биікті бағындыруды көздейді. Әзірге Әлімханұлы қазақстандық кәсіпқой бокс шеберлерінің арасында 9 сатыда. Генадий Головкинмен бір салмақта жұдырықтасатын Әлімханұлында WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар.
- Бобыржан Момынов
10 жеңіс |
0 жеңіліс |
0 тең нәтиже |
Үздік ондықты жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Бобыржан Момынов түйіндеп тұр. Шымкенттік боксшы 2016 жылдан бері кәсіпқой бокста жүр. Шаршы алаңға 10 рет шығып, барлығында жеңіске жеткен.
Оставить комментарий