Европа ойындарының ашылуы: Димаш жаңа туындысын орындады (видео)

/image/2019/06/22/risunok1.png

Димаш Құдайдерген Беларусь елінде II Еуропа ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еуропа ойындарының ашылу рәсімінде Димаш Құдайберген Ogni Pietra (Olympic) атты жаңа әнін орындады. Жаңа туындының әуенін композитор Игорь Крутой, сөзін Лилия Виноградова жазған.

Димаш ән шырқап жатқада "Динамо" спорт алаңына Еуропа олимпиада комитеттерінің туы шығарылды.

Арнайы қонақ ретінде шақырылған Димаштың ерекше образы де көпшіліктің көзіне бірден түскені анық. Қазақ өнерпазы қазақтың туы бейнеленген көк түсті киім киіп шыққан.

Еуропа ойындарының ашылу салтанатын 25 мың көрермен тамашалады. Құрметті қонақтардың ішінде көптеген елдің мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері де болған.

II Еуропа ойындары Минскіде 30 маусымға дейін өтеді. Байрақты бәсекеде спорттың 15 түрінен медаль сарапқа салынады. Жарысқа Қазақстаннан қатысушылар жоқ. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи