Белгілі мексикалық журналист қазақстандық Геннадий Головкиннің ықтималды қарсыласының есімін атады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Мексикадағы тәуелсіздік күні мерекесінде мексикалық чемпионның жекпе-жегін жұртшылыққа тарту ету үшін шаршы алаңға Сауль Альварестің орнына Хайме Мунгия шығады. Оның қарсыласы ретінде Геннадий Головкин қарастырылуда. Кездесу Лас-Вегаста өту мүмкін» деп жазды журналист.
Хайме Мунгия WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы. Боксшылар былтыр кездесуі мүмкін еді. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мексикалық бұндай үлкен жекпе-жекке дайын еместігін желеу етіп кездесуге рұқсатын бермеген. Мексикалықтың жасы 22-де. Соған қарамастан GGG-ды жұдырықтасуға үнемі шақырып келеді.
Оставить комментарий