Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды жеңді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Он раундтық жекпе-жектің бесінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа түсірді. Нокаутқа дейін Әлімханұлы канадалықты екі рет нокдаунға жіберген болатын.
Олардың кездесуі Лос-Анджелестегі Banc of California стадионындағы бокс кешінде өтті.
"Бұл менің емес, елдің жеңісі! Ер – елдікі! Төккен тер ақталып, еңбек жемісін берді. Сіздердей тақым қысар ағайынның барына Құдайға шүкір. Артыңда елің, қасыңда досың болмаса жалғыздың шаңы шықпайды. Мен деген сөз, өзім деген сөзден аулақпын. Осы жеңістен әрқайсыңыздың үлесіңіз бар", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы өзінің инстаграм парақшасында.
Осы жеңістің арқасында Әлімханұлы бірінші рет екінші деңгейлі WBO Global және өңірлік WBC Continental Americas белбеулерін сәтті қорғады. Ол сәуірде мексикалық Кристиан Оливасты жеңіп, чемпиондық титулдарын тартып алған еді.
Оставить комментарий