Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповты жеңді деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
26 жастағы Нұрсұлтанов спорттық мансабында 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Сегіз кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 30 жастағы Осипов болса осымен екінші рет жеңілді, ол 15 рет (10 нокаут) жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Нұрсұлтанов Ресейде алғаш рет өнер көрсетті. Осыған дейінгі жекпе-жектердің барлығын дерлік ол АҚШ-та өткізген, ал Қазақстанда бір ғана кездесу ұйымдастырды. Ковалев пен Нұрсұлтановты менеджер Эгис Климас пен Main Events промоутерлік компаниясы байланыстырады.
Оставить комментарий