Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізіп, америкалық боксшы Исидро Очоаны техникалық нокаутпен жеңді.
Қазақстандық боксшы (6-0, 5 КО) екінші жеңіл салмақтағы америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген еді. Бірақ Харсан бесінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал кейін үзілісте америкалықтың бапкері жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Ескендір кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді, ал Очаоа алғаш рет жеңіліп қалды.
Оставить комментарий