Үстіміздегі жылғы 26 қазанда Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі QAZAQ Promotions-тың инстаграмдағы ресми парақшасына сілтеме жасай отырып.
Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетсек, Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы орында тұр.
2018 жылы Уолтер Каутондоква WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездескен болатын.
Оставить комментарий