Қазақстан боксшысы Василий Левит (Нұр-Сұлтан) бокстан Екатеринбургте (Ресей) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Хулио Сесар Кастильонға (Эквадор) есе жіберіп, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
91 килограмда жұдырықтасқан Левит Кастильонға 2-3 есебімен есе жіберді.
Енді Левитті жеңген экфадорлық боксшы әлем чемпионатының финалда Муслим Гаджимагомедовпен (Ресей) жұдырықтасады. Ресейлік боксшы жартылай финалда Радослав Панталеевты (Болгария) 5-0 есебімен ұтты. Ал ширек финалда Гаджимагомедов Чивон Кларкқа (Англия) 3-2 есебімен есе жіберген, бірақ ресейлік бапкерлер төрешілердің шешімімен келсіпей апелляцияға берген. Нәтижесінде, төрешілер 5-0 есебімен жеңісті Гаджимагомедовқа беріп, жартылай финалға ресейлік боксшы өтті.
Василий Левит осымен екінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. Ол 2017 жылы Гамбургте (Германия) өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Эрсланди Савонға (Куба) есе жіберіп, қола жүлде жеңіп алған. Бұдан бөлек, Левиттің Рио Олимпиадасының (2016) күміс жүлдегері, Қазақстанның және Азияның чемпионы деген атақтары бар.
Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстанның алты боксшысы шыққан. 52 килограмда сынға түскен Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) пен 75 килограмда жұдырықтасқан Тұрсынбай Құлахмет те жартылай финалда жеңіліп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізуге Қазақстанның тағы үш боксшысы шығады.
Қазақстанның тағы үш боксшысы жұдырықтасатын Әлем чемпионатының жартылай финалынан тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де басталады:
Оставить комментарий