Өткен демалыста Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында IBF және IBO титултары үшін Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасында жекпе-жек өткені белгілі.
Кездесуде қазылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша GGG жеңіске жетіп, орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.
Жекпе-жектен кейін оң қасы жарылған Деревянченконы ауруханаға алып кеткен болатын. Артынша желіде украиналық боксшының фотосы жарияланды. Онда Сергейдің екі көзінің де көкпеңбек болып көрініп, ісіп кеткені көрініп тұр.
Оставить комментарий