Кешенді жоспар 10 бағыттан және іскерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамтуды қолдау және халықтың табысын арттыру жөніндегі 172 жүйелі әрі салалық шаралардан тұрады. Құжат жобасын барлық мүдделі тараптар және бизнес-қоғамдастық, оның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен салалық бизнес қауымдастықтар егжей-тегжейлі талқылап, мақұлдаған.
– Кешенді жоспарды іске асыру сыртқы орта тигізетін келеңсіз әсерді барынша азайтуға, аса маңызды салалардың бәрін және отандық бизнес қызметін жандандыру бойынша практикалық іс-шараларды қамту5f тиіс, – деді А. Мамин.
Ұсынылып отырған шаралар қаржыландыру және жеңілдетілген несие беру тетіктерін, оның ішінде микробизнес тетіктерін едәуір кеңейтуді, экспорттық шығындарды кепілдендіру және өтеу құралдарын белсенді түрде қолдануды көздейді. Форвардтық және ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу практикасы енгізіледі.
Жүктеме азаяды және салықтық әкімшілендіру жеңілдетіледі, салықтар мен қарыздар бойынша преференциялар мен төлемді кейінге қалдыру қолданылады, жекелеген айыппұлдар мен алымдар алынып тасталады, әкімшілік кедергілер азайтылады.
Тұрғын үй құрылысы нарығында сұранысты ынталандырудың, отандық өндірісті және қызмет көрсету саласын қолдаудың жаңа тәсілдері енгізіледі.
Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, өңірлер әкімдеріне Жоспардың іс-шараларын белгіленген мерзімде сапалы түрде іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Оставить комментарий