Пакьяо мен Макгрегор шаршы алаңда кездеседі

/image/2020/09/29/crop-16_1_487x866_pamc-pic905-895x505-66236.jpg

Филиппин боксері, әлемнің экс-чемпионы Мэнни Пакьяо UFC-дің екі салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпионы Конор Макгрегормен жекпе-жек өткізуге келісім берді, деп хабарлады zakon.kz.

Bloodyelbow сайтының дерегінше, жекпе-жектің болатыны анық. Басылымға бұл туралы Пакьяоның көмекшісі Джейк Джонсон мәлімдеген.

Мэнни Пакьяо кездесуден алатын қаражаттың басым көпшілігін коронавирустан зардап шеккен Филиппин азаматтарына көмектесуге бағыттамақ.

Жекпе-жек 2021 жылға жоспарланып отыр. Кездесу бокс ережелері бойынша өтеді.

Бұған дейін Макгрегор твиттерде өзінің келесі кездесуі Пакьяомен Таяу шығыста болатынын жазған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи