Геннадий Головкин жекпе-жегінің қай уақытта болатыны хабарланды

/image/2020/11/25/crop-1_9_436x774_photo_337649.png

Бокстан орта салмақтағы IBO және IBF чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 18 желтоқсанда өткізеді. Бұл туралы Dazn сервисі instagram парақшасы мәлімдеді.

GGG поляк боксшысы Камил Шереметаға қарсы IBF титулын қорғайды.

"Үлкен драма-шоу 18 желтоқсанда оралады" делінген жазбада.

Головкин де Instagram парақшасында рингке қайта оралғанын жариялап, титулды 21 рет  қорғауға бара жатқанын атап өтті.

Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек Холливуд қаласындағы (Флорида, АҚШ) Hard Rock Holly қонақ үйінде өтеді. 

Алдыңғы жекпе-жекті Головкин өткен жылдың қазан айында Нью-Йоркте өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи