10 қараша Әзербайжанда Жеңіс күні болып бекітілді

/image/2020/12/03/185125690300.jpeg

Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Жеңіс күнін және Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде қаза тапқандарды еске алу күнін  белгілеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы aze.az сайты хабарлады. 

Жарлыққа сәйкес, 10 қараша Әзербайжан Республикасында Жеңіс күні болып белгіленді. Ал Қарабақтағы жағдайдың тағы бір ушыққан уақыты – 27 қыркүйекте әзербайжандар қаза тапқандарды еске алатын болады.

Бұған дейін 10 қараша күні Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы шешім қабылданған. Армения, Әзербайжан және Ресей арасында болған келісім бойынша, барлық аудандар Әзербайжанға қайтарылып, ал басқыншы әскер сол аумақтан түгел шығарылуға тиіс болды. 

Осылайша Лачин, Агдам, Кельбаджар аудандары Әзербайжанға қайтарылып, басқыншы әскер аймақтан шығарылды.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи