Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

/image/2020/12/19/crop-0_344_1857x2476_2019_04_02_2019_04_02_06386223e003db8e746cb81601037843.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен өткен жекпе-жектегі жеңісімен құттықтады.

Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады! –  деді президент твиттерде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи