Геннадий Головкиннің келесі ықтимал қарсыласы белгілі болды

/image/2021/03/18/crop-84_4_1046x1395_mycollages-53.jpg

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін жапон боксшысы Риота Муратаға қарсы өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады sports.kz сайты.

Сайт мәліметінше, Головкиннің ендігі қарсыласы делінген мексикалық боксшы Хайме Мунгияның промоутері Фернандо Бельтран Fino Boxing-ке берген сұхбатында өзінің клиенті қазақстандық боксшымен әзірге жекпе-жек өткізгісі келмейтінін айтқан.

Белтранның айтуынша, Головкин келесі жекпе-жегін WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы жапон боксшысы Риота Муратаға қарсы (16-2, 13 КО) өткізбек.

– Головкин жапон боксшысымен жекпе-жек өткізгісі келеді. Иә, ол чемпион, бұл да үлкен іс. Мен оның таңдауын құрметтеймін, – деді Белтран.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи