Ақтауда ҚР Тұңғыш президенті саябағының құрылысы басталды

/image/2021/05/01/crop-4_68_547x729_cdacf4a1-61c0-4787-a053-f1f0ac0730aa.jpeg

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовқа Ақтау қаласынан бой көтеретін ҚР Тұңғыш Президенті саябағының жобасы таныстырылды.

Саябақ қаланың жаңа 40 шағын ауданында орналасады. Нысанның жалпы көлемі 23 га. Онда қала тұрғындарының белсенді демалуына арналған алаңдар, бірнеше саябақтар мен серуендеу аймақтары болады.

Гүлдер аллеясы, музыкалық субұрқағы, балалар ойын алаңдары, спорттық жүгіру және велосипед жолдары орнатылады.

Саябақта тамшылатып суару жүйесі жүргізіліп, демалушыларды желден қорғайтын қорғаныш болады. Демалыс орны "BS stroy" ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен тұрғызылады. Үлкен саябақтың құрылысын 2026 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.

Фото: Qamshy.kz

Оставить комментарий

Связанные Статьи