«Таза Қазақстан»: Облыс әкімі  жаңа қоқыс шығару техникаларымен танысты

/uploads/thumbnail/20251215193911085_big.webp

Бүгін, 15 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мұнайлы ауданында «Zero Waste Aktau» ЖШС-нің тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару үшін арналған жаңа арнайы техникаларының таныстырылымына қатысты.

Іс-шара барысында Ақтау қаласының әкімдігі мен «Zero Waste Aktau» ЖШС арасында қалдықтарды жинау және шығару қызметін жаңғыртуға бағытталған келісімшарт жасалғаны айтылды. Келісім аясында қала аумағы заманауи еуро-стандартқа сай контейнерлермен және арнайы техникалармен кезең-кезеңімен жабдықталуда.

Таныстырылымда 2025 жылы сатып алынған «Dongfeng» маркалы 25 қоқыс тасымалдау автокөлігі және көлемі 1,1 текше метр болатын 2100 дана еуро-стандарттағы контейнер ұсынылды. Соңғы үлгідегі автокөліктер тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, нығыздау және тасымалдауға арналған, жоғары жүк көтергіштігімен, үнемділігімен және қаладағы қарқынды жұмысқа бейімділігімен ерекшеленеді. Ал тығыз жабылатын қақпағы бар контейнерлер қалдықтарды жинау процесін оңтайландырып, жағымсыз иістің таралуына жол бермейді. Қазіргі таңда 400-ге жуық контейнер орнатылған, жыл соңына дейін 2100 контейнерді толық орнату жоспарлануда.

Облыс әкімі өз сөзінде қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Айта кетейік, жаңа техникалар Қазақстанда құрастырылған және «Жасыл даму» ұлттық жобасы аясындағы инвестициялық жоба шеңберінде сатып алынған. Жоба қалдықтарды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Связанные теги :

Связанные Статьи