Құрық ауылында жаңа су тұщыту зауыты іске қосылды

/uploads/thumbnail/20251219152200428_big.webp

19 желтоқсан күні Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында тәулігіне 10 мың текше метр су өндіретін су тұщыту зауыты пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Аталған нысан Мемлекет басшысының су тапшылығын жою және ауылдық аумақтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. 

Зауытты «Алёка» ЖШС жүзеге асырды. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын аумақта 50 ұңғымадан су алынады. Зауытта су тазартуға арналған құм сүзгілері, бетонды резервуарлар және тәулігіне 5 000 текше метрден су өндіре алатын екі осмос қондырғысы орнатылған.

Жоба аясында Құрық ауылы тәулігіне 4 000 текше метр ауыз сумен қамтылып, су көлемінің қалған бөлігі жылы жағажай бағытына, Ақтау қаласына және Мұнайлы ауданының Батыр ауылына жеткізіледі.

Салтанатты шара барысында Нұрдәулет Қилыбай су тұщыту зауыты өңірдің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және ауыз су тапшылығы мәселесін шешуге зор үлес қосатынын айтты.

«Құрық ауылында іске қосылған су тұщыту зауыты – өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жоба. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып отыр. Аталған нысан халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да елді мекендерді таза ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады», – деді облыс әкімі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Связанные теги :

Связанные Статьи