Головкиннің келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақыты белгілі болды

/image/2021/05/28/crop-7_14_272x484_500_60b050ced12c2.jpg
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапондық Риота  Мурата 28 желтоқсанда Токиода кездесу туралы келісімге келді, деп хабарлады sports.kz сайты.
 
Кездесуде орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Головкин (41-1-1, 36 КО) IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Жапондық  боксшы (16-2, 13 КО) WBA тұжырымы бойынша суперчемпион. 35 жастағы Риота қазақстандық боксшыдан 4 жасқа кіші. Ол спортта жапон халқының атын шығарып жүрген белгілі тұлғалардың бірі саналады.

Бұған дейін олардың кездесуі 31 желтоқсанда өтуі мүмкін екені хабарланған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи