Олимпиада. Дзюдошы Жансай Смағұлов жарысты жеңіспен бастады

/image/2021/07/26/crop-9_50_1071x1904_1627271256.jpeg

Токиодағы олимпиада ойындарында дзюдодан ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақтағы жарыстар басталды. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.

73 келі салмақта Қазақстанның намысын қорғайтын Жансай Смағұлов  "ваззари"  ұпайын еншілеп, екінші кезеңге өтті. Бірінші белдесуінде Смағұлов армениялық Фердинанд Карапетяннан басым түсті.

Смағұловтың келесі қарсыласы канадалық Артур Маркелидон болмақ.

Токио олимпиадасында Қазақстан қоржынында екі жүлде бар. Дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Игорь Сон қола медаль иеленген болатын.

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи