Токио-2020. Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

/image/2021/07/29/crop-8_107_1063x1889_1627553907.jpg

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы алғашқы жекпе-жегін айқын басымдықпен ұтты, деп хабарлады Olympic.kz.

Қамшыбек 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын. 

Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының бақылауымен өтті. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді. 

Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы - Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи