Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемдік рейтингті жаңартты деп, хабарлады Olympic.kz.
"Қазақстан командасының үздігі Александр Бублик 39-орнын сақтап қалды. Михаил Кукушкин бес сатыға сырғып, 132-орынға тұрақтады.
Ерлер арасында Новак Джокович (Сербия) көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Даниил Медведев, үшінші сатыда испандық Рафаэль Надаль.
Қазақстан әйелдер командасының үздігі Елена Рыбакина 20-орында. Юлия Путинцева 35-сатыға оралса, Зарина Дияс ТОП-100 қатарынан шығып қалды" делінген хабарламада.
Әйелдер рейтингінде австралиялық Эшли Барти көш бастап тұр. Екінші орында жапониялық Наоми Осака, үшінші сатыда Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан.
Оставить комментарий