Токио олимпиадасында каратэші Дархан Асаділов іріктеу кезеңінен өтті. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.
Жарыс ережесі бойынша спортшылар А және В тобына бөлінген. Әр топтағы бес спортшы бір-бірімен өзара кездесу өткізіп, ең көп ұпай жинаған екі каратэші жартылай финалға жолдама алады.
Дархан өз тобындағы алғашқы жекпе-жекте түркиялық Эрай Самданмен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Токио олимпиадасында каратэден Қазақстан атынан 5 спортшы қатысады.
Оставить комментарий