Каратэші Нұрқанат Әжіқанов олимпиадада топтық кезеңді жеңіспен бастады

/image/2021/08/06/crop-82_13_909x1212_1628241372.jpg

Токио олимпиадасында  каратэден екінші жарыс күні басталды. Бүгін Қазақстан атынан 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Әжіқанов сынға түсуде деп, хпабарлады Olympic.kz сайты.

Жеребеге сәйкес, Әжіқанов В тобына түсті. Оның қарсыластары - Цунэари Яхиро (Австралия), Ноа Битщ (Германия), Луиджи Буса (Италия) және Рафаэль Агаев (Әзірбайжан).

Бірінші кездесуде Нұрқанат австралиялық Цунэари Яхироны 6:3 есебімен ұтты. 

Екінші жекпе-жекте Әжіқанов германиялық Ноа Битщпен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті. Алайда, қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіс Ноаға берілді. 

Айта кетелік, жартылай финалға екі топтағы үздік екі спортшыдан жолдама алады.  

Связанные теги :

Оставить комментарий

Связанные Статьи