Еркін күрестен Токио олимпиадасында 74 келі салмақта белдесіп, қола медальға күрескен Данияр Қайсанов қарсыласына есе жіберді. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлады.
"Қайсанов қола жүлде үшін күресте өзбекстандық Бекзод Абдурохмановпен кездескен болатын. Өкінішке қарай, кездесу басталған бетте Абдурохманов алға ұмтылып, белдесуді уақытынан бұрын бітірді. Есеп - 13:2, өзбек балуанының жеңісі" делінген хабарламада.
Осылайша Данияр Қайсанов олимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтап отыр.
Оставить комментарий