Токио олимпиадасында Софья Берульцева “қола” медаль алды

/image/2021/08/07/crop-143_23_856x1141_e743ca8e-9a2d-487d-b819-a2531db29bf1.jpeg

Каратэші Софья Берульцева Токио олимпиадасының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

61 келіден жоғары салмақта сынға түскен ол жартылай финалда египеттік Фериял Абделазизбен кездескен болатын. 

Тартысты жекпе-жекте Берульцева 4:5 есебімен жол берді. Осылайша, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Айта кетелік, бұл Қазақстан құрамасы үшін Токио ойындарындағы сегізінші қола медаль. 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи