Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 іріктеу аясында келесі ойынын Италияның Парма қаласында өткізеді.
Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген Қазақстан футбол федерациясының Yotube арнасында «ДНК футбол» бағдарламасында берген сұхбатында айтты:
“Біз Парма қаласында Сан-Марино футбол құрамасына қарсы ойнайтын болдық. Негізі матч Сан-Марино қаласында өту керек болған. Олар стадионды жауып тастағандықтан матч Парма қаласында өтеді”.
Аталған матч 16-шы маусымда өтпек. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Италияда матч өткізбеген.
Оставить комментарий