Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тағы екі қазақстандық қола медальға ие болды.
"Ханчжоуда (ҚХР) Азия ойындары-2022 аясында байдарка мен каноэ есуден ақтық сайыс жалғасуда. Қазақстан тағы екі медаль жеңіп алды. Тұғырдың екінші сатысына Мария Боровкова мен Руфина Искакова көтерілді. Олар ескек есуден финалда екінші болды (500 м). Қытай қанжығасында – бірінші орын. Үшінші орын – Тайландта", - делінген Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.
Оставить комментарий