Еңбек қауіпсіздігі бойынша мамандарды оқытатын жаңа орталық ашылады

/uploads/thumbnail/20250610112811557_big.webp

Елімізде Халықаралық еңбек ұйымының жобалық кеңсесі жұмысын бастады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде еңбек қауіпсіздігі саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған оқу орталығы ашылатынын хабарлады.

Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстанға алғаш рет Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры ресми сапармен келген. Осы сапардың нәтижесінде биыл елімізде ХЕҰ-ның жобалық кеңсесі ашылып, жұмысын бастады.

— Қазіргі таңда біз Еңбек ресурстарын дамыту орталығы базасында Халықаралық еңбек ұйымының Туриндегі оқу орталығының филиалын ашу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз, — деді министр.

Жаңа орталық келесі маңызды міндеттерді атқаруға мүмкіндік береді:

  • Шетелге шықпай-ақ еңбек қауіпсіздігі мамандарын сапалы әрі жүйелі түрде даярлау;

  • Халықаралық үздік тәжірибе негізінде ұлттық кадрлардың біліктілігін арттыру;

  • Мемлекеттік органдар, әлеуметтік әріптестер мен халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту;

  • Қазақстанның Орталық Азиядағы еңбек қауіпсіздігі саласындағы аймақтық құзыреттілік орталығы ретіндегі рөлін күшейту.

Бұл бастама елдегі еңбек қауіпсіздігін жақсартуға және халықаралық стандарттарға сай кадрлар дайындауға серпін береді.

Связанные Статьи