Еліміздегі университеттердің бірінен Назарбаевтың есімі алынып тасталады

/uploads/thumbnail/20250709123929949_big.webp

Қазақстанның тұңғыш президенті - елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгертілмек. Енді оқу орны ҚР Ұлттық қорғаныс университеті деп аталатын болады. Бұл туралы тиісті құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы» үкімет қаулысына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Құжат жобасында:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген, - деп жазылған.

Жобаны талқылау 18 шілдеге дейін жалғасады.

Связанные Статьи