Бүгін қамаудағы тәуелсіз журналист Думан Мұхаметкәрімнің туған күні

/uploads/thumbnail/20250709174729856_big.webp

Журналист, YouTube желісіндегі «Ne deidi» арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім екі қылмыстық іс бойынша күдікке ілініп, екі айға қамалды. Оған тағылған екі айып та экстремизмге қатысты. Журналист 1978 жылы 9 шілдеде ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. 

Думан Мұхамедкәрім қазір Қызылордадағы N60 мекемеде қамауда отыр.  Бүгінгі туған күніне орай Қойшыбек Мүбарак, Есдәулет Қызырбекұлы және Абзал Достияр секілді журналистер іздеп барып, қолдау көрсеткендерін айтты. 

Қонаев қалалық соты оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырған. Журналистік соты жабық өткен. Ол істі ашық қарауды талап етіп, бірнше рет аштық та жариялаған. Іске журналистің шетелде тұратын тіркелмеген «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, экс-банкир Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын «экстремистік ұйым» деп танып, қызметіне тыйым салған. 

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналист Думан Мұхаммедкәрімді «саяси тұтқын» деп таныған. Ресми Астана елде «саяси тұтқын» да жоқ, саяси көзқарасына бола қудалауға түскен де ешкім жоқ дейді.

Связанные Статьи