Қазақстандық Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
10–13 шілде аралығында Беларусь Республикасында «Витебскідегі Славян базары» XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өтті. Қазақстан атынан байқауға Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысты.
Финалда әнші «Вечность» композициясын орындап, көрерменді талантымен тәнті етті. Көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Өнерпаз екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды.