Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал анасы Ғайни Алашбаеваға орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Бұдан бөлек прокурор Перизат Қайраттың мүлкін тәркілеу және 10 жыл бойы қайырымдылық қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жаза сұрады.
Прокурор Арман Кизикеннің айтуынша, айыпталушының кінәсін жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, ал ауырлататын жағдай – қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалуы.
Еске салайық, кеше Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтті. Себебі іс құпия деректерді, соның ішінде банк құпиясын қамтитын құжаттарды қарастырумен байланысты болды.