Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайға қатысты сот процесі басталды

/uploads/thumbnail/20250728114407004_big.webp

Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды. 

Бұған дейін хабарланғандай, сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс түскен.

Аталған іс бойынша басты күдікті – Ернар Жиембай. Бұған дейін оның жұбайы – Луиза Алданова Instagram парақшасында мәлімдеме жасаған. Бірқатар БАҚ-тың жазуынша, Жиембай бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болған.

Еске сала кетейік, биылғы 21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты маңында Руслан Берденовке оқ атылған болатын. Ол жараланып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті сол жерде ұсталған.

Связанные теги :

Связанные Статьи