Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды

/uploads/thumbnail/20250730153727161_big.webp

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың рақымшылық жасау туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. 

Степногорск қалалық соты "ҚР Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қолданып, сотталған Б.-ның жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы ҚАЖ мекемесінің ұсынысын қарады.

"Сот 2024 жылғы 13 мамырда Б. ҚР ҚК 432-бабы бойынша төрт жылға сотталғанын анықтады. Сот сотталған Б.-ға қатысты ұсынысты мынадай негіздер бойынша қанағаттандырды: ҚР ҚК 78-бабының 2-бөлігіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін. "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес негізгі жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі немесе мөлшері залал өтелген жағдайда не олар болмаған кезде ауыр қылмыстар бойынша үштен біріне қысқартылады", - деп жазылған сот хабарламасында.

Сот үкімімен Б.-дан өндіріп алынған мәжбүрлі төлем және іс жүргізу шығындары толық көлемде өтелген.

Связанные теги :

Связанные Статьи