Семейлік шенділер жоқ ағашты 150 млн теңгеге кеспек болған

/uploads/thumbnail/20250826140428726_big.webp
Семейде жоқ 40 метрлік ағаштарды шенділер 150 млн теңгеге кеспек болған, деп хабарлайды Абай облыстық прокуратурасы.
 
Қураған ағаштарды кесу және жасыл желектерге күтім жасау бойынша мемлекеттік конкурс өткізу кезінде бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсала жаздады. Прокуратура тексеру жүргізді.
 
"Конкурс құжаттамасында әлеуетті қатысушыларға қойылған негізсіз және шектен тыс талаптар анықталды. Атап айтқанда, биіктігі 40 метрге дейінгі ағаштарды кесуге арналған қымбат жабдықтың болуы талап етілген. Мұндай талап артық, себебі Семей қаласында мұншалық биік ағаштар өспейді және бұл Қазақстанның климаттық жағдайына тән емес", - дейді ведомство.
Конкурс құжаттарында сметалық және техникалық бөліктер арасында сәйкестік жоқ. Бұл мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану қаупін арттырған. Прокуратура шара қабылдап, нәтижесінде 150 млн теңге бюджет қаражаты желге ұшқан жоқ.

Связанные Статьи