Ілияс Храпуновқа қатысты сот шешімі шықты

/uploads/thumbnail/20250827120605070_big.webp
Нью-Йорктегі округтік сот Алматы әкімдігі мен "БТА Банк" АҚ пайдасына шешім шығарып, Ілияс Храпуновты сотты құрметтемеу айыбымен кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Әділет министрлігі.
 
2025 жылғы 6 тамызда АҚШ-тың Нью-Йорк Оңтүстік округі бойынша округтік соты жауапкер Ілияс Храпуновты сотты құрметтемеу айыбымен кінәлі деп танып, талапкерлер – Алматы қаласы әкімдігі мен "БТА Банк" АҚ пайдасына шешім шығарды.
 
"Бұған дейін қабылданған $221,285.31 төлеу жөніндегі міндеттемеге қоса, федералдық судья Джон Г. Кёлтл Храпуновтың өз активтері туралы тұрақты түрде есеп беруді міндеттеген соттың нақты әрі айқын бұйрығын бұзғанын анықтады. Мұндай есептерді ұсыну міндеті оған бұрын сотты құрметтемеу айыбы бойынша кінәлі деп танылғаннан кейін жүктелген болатын", - деп жазылған хабарламада.
 
Жаңа сот шешіміне сәйкес, Ілияс Храпунов өз активтері және оған қарсы шығарылған сот шешімдерін орындау үшін ақша алуға жасалған әрекеттер туралы толық мәліметті тұрақты түрде ұсынуға міндетті.
 
Бұл талап орындалмаған жағдайда оған қосымша қаржылық санкциялар қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ Ілияс Храпунов Алматы қаласы мен БТА Банкке сотты құрметтемеуі салдарынан келген шығынды өтеп беруге тиіс.
 

Связанные Статьи