Түркістан облысында дәрігерді ұрған тұрғын қамауға алынды

/uploads/thumbnail/20250829112900202_big.webp
Түркістан облысында дәрігерді ұрған адамға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.
 
"Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тергеу нәтижесінде заңды шешім қабылданады", - дейді ведомство.
 
Құқыққа қайшы әрекет жасаған адам заңнан бұлтара алмайды. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауында, дейді полиция.
 
Еске сала кетейік, Түркістанда түсік тастау қаупі туындаған жүкті келіншекті көруге барған 26 жастағы Құдырет Мүтәліповті пациенттің күйеуі ұрып тастады.
 
Ауыр соққы алған жедел жәрдем қызметкері миы шайқалып, қазір ауруханада жатыр.
 

Связанные Статьи