Тоқаев: Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажет

/uploads/thumbnail/20250829165858569_big.webp

Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференцияда президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде экс-президен Нұрсұлтан Назарбаевтың "еңбегін" атап өтті.

"Конституция туралы айтқанда, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегіне әділ баға беру қажет. Ол Конституция қабылданған кезде Мемлекет басшысы ретінде шешуші рөл атқарды", дейді Тоқаев. 

Тоқаев ең басты конституциялық өзгеріс осыдан үш жыл бұрын жасалғанын атап өтті. 

"Еліміздің басты заңына «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...» деген сөздер жазылды. Конституциямыз Тәуелсіздігімізді нығайтуға зор ықпалын тигізді, еліміздің одан әрі дамуына даңғыл жол ашты. Қазақстан дербес мемлекет ретінде әлем қауымдастығының белді мүшесі атанды. Әрине, уақыт бір орында тұрмайды. Отыз жылда түрлі себепке байланысты Ата заңға 6 рет түзету енгізілді", деді президент. 

 

Связанные Статьи